1834

Астаналық жұп арбамен билеуден Қазақстан Чемпионатында жеңіске жетті

Астанада IV Би олимпиадасы аясында арбада отырып би билеуден Қазақстан Чемпионатына қатысушылар еліміздің алты өңірінен жиналды. Арбада отырып би билеу спорт түрі ретінде елімізде енді ғана белең алып келеді. Жыл өткен сайын жарысқа қатысушылар саны артуда. Аталған додаға 39 спортшы қатысты.

Астанада IV Би олимпиадасы аясында арбада отырып би билеуден Қазақстан Чемпионатына қатысушылар еліміздің алты өңірінен жиналды. Арбада отырып би билеу спорт түрі ретінде елімізде енді ғана белең алып келеді. Жыл өткен сайын жарысқа қатысушылар саны артуда. Аталған додаға 39 спортшы қатысты. Жарыстың бас төрешісі - Халықаралық Паралимпиадалық комитеттің өкілі. Бұл туралы astana.kz сайтына Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Бірақ чемпионаттың көркі - жинаған ұпай саны мен жүлделі орындар емес. Тәуелсіздік сарайында өткен жарыста спортшылар өз өнерлерін ортаға салды. Кез-келген спорттық жарыстағыдай мұнда да жеңімпаздар анықталды.

1-стандартты бағдарламада Combi санатында астаналық жұп Ардақ Оторбаев пен Айдана Бегленова, Combi 2 стандарт-та тараздық спортшылар  Марат Қарақұлов пен Нарғыз Ахметова көш бастады. Мұнымен қоса, Нарғыз тағы да бір тараздық спортшы Асқар Әшірімбетовпен стандартты бағдарламаның DUO санатында жеңіске жетті. Латын Аерикалық Combi 2 бағдарламасында Талғат Аманбеков пен Толғанай Түребекова (Тараз) үздік атанды. Осы санатта жеке орындауда Астана өкілі Сәуле Айдарханова ерекшеленді, ол соло стандарт санатында жеңіске жетті. 

Чемпионатқа елімізде арбамен билеуді спорт түрі ретінде дамытуды алғашқылардың бірі ретінде қолға алып отырған елордалық «Қайсар» спорт клубының тәрбиеленушілері де қатысты. Олар халықаралық додалардан да олжалы қайтқан болатын. Астана қаласының арбада отырып би билеуден аға бапкері Әлия Түсіпбекованың айтуынша, аталмыш спорт түрі елордамызда кеңінен таралып келеді. Осы сияқты іс-шараларға баса назар аударылады. Айта кетейік, спортшылар үшін келесі ірі дода Астанада өткізілмек. Шілде айында арбамен би билеуден Kazakhstan wheelchair dance Open халықаралық турнирі ұйымдастырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109