Елордалық 9 мектеп «Ақберен» республикалық байқауына іріктеуге қатысты
Астанада 5-10 сынып оқушылары арасында өтетін «Ақберен»
республикалық байқауына іріктеу кезеңі
өткізілді. Алты аталым (ақындық, шешендік шеберлігі, шығарма, ұлттық аспапта
ойнау, ақындар айтысы) бойынша ұйымдастырылған іріктеу турына №15, №40, №49,
№53, №57, №66, №67, №69, №38 мектептерінен 50 оқушыдан тұратын 9 команда
қатысты. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана дарыны» өңірлік
ғылыми-практикалық орталығынан хабарлады.
Байқаудың республикалық кезеңіне жеке аталымдар бойынша ең көп балл жинаған №40, №67,№69 мектептер өтті. Қазылар алқасының шешімімен «Ақберен» республикалық байқауында шешендік өнер аталымында №40 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Еманғалиева Камила, көркемсөз аталымында №40 ОМ 10-сынып оқушысы Жақып Мадияр, ақындар мүшәйрасында №40 ОМ 8-сынып оқушысы Әнкей Елдос, ұлттық аспапта ойнау аталымында №40 ОМ 10-сынып оқушысы Бижанов Мади, шығарма жазуда №67 гимназияның 10-сынып оқушысы Аббас Жансая, ақындар айтысында №69 МГ 9-сынып оқушысы Әлбосын Таңнұр Астананың намысын қорғайтын болады.
Айта кетейік, «Ақберен» байқауының республикалық кезеңі гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында дарынды балаларды айқындау мақсатында мамыр айында 5-10 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz