862

Елордалық кәсіпкерлер жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысады

Астанада 19 сәуірде «Біз таза қала үшін!» жалпы қалалық сенбілігі өтеді. Оған 93 000 жуық адам қатысады. Бұл іс-шарадан кәсіпкерлер де қалыс қалмайды. Бизнес құрылымдар қаланың дамуы мен гүлденуіне байланысты ауқымды іс-шараларды өткізу бастамасын қолдайды.

Астанада 19 сәуірде «Біз таза қала үшін!» жалпы қалалық сенбілігі өтеді. Оған 93 000 жуық адам қатысады. Бұл іс-шарадан кәсіпкерлер де қалыс қалмайды. Бизнес құрылымдар қаланың дамуы мен гүлденуіне байланысты ауқымды іс-шараларды өткізу бастамасын қолдайды.

«Кәсіпкер әріптестерімді 19 сәуірде өтетін жалпы қалалық сенбілікке шақырамын. Әрине, қалалық билік шаһарды бізсіз де жинайды. Бірақ өз ғимараттарымызды, оған жақын аумақтарды ретке келтіру үшін осы бір ерекше мүмкіндікті пайдаланып қалуды ұсынамын. Осылайша, бейресми ортада ұжымдарыңызбен жақынырақ танысып, оларды топтастыру мақсатында қосымша іс-шара өткізе аласыздар. Жалпы, меніңше, қаланың келбетін жақсартуға бағытталған барлық іс-шараларда әрқашан да әкімдікке қолдау көрсету керек. Елордада 15 супермаркет бар. Біз терезелерді жуып, дүкендерді және айналаны ретке келтіреміз. Кәсіпкерлер осы сияқты шараларды ұдайы қолдауы керек деп санаймын», - деді «Бахус-Астана» ЖШС директоры Алмас Ким astana.kz сайтына берген сұхбатында.

Жалпы қалалық сенбілікке елордалық 8 500 кәсіпорын мен ұйым қатысады, олар өз ғимараттарына жақын аумақты тазалайтын болады.

Еске салайық, Астанада 7 сәуірден 7 мамыр аралығында қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша экологиялық айлық өткізіледі. Іс-шара аясында көшелер, тротуарлар және орамішілік аумақтар тазартылады. 19 сәуірде өтетін жалпықалалық сенбілікке кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер, педагогтар, дәрігерлер, студенттер мен оқушылар, қала тұрғындары тартылады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109