987

Жүргізушілер жедел жәрдем көлігіне жол беруге салғырт қарамаса екен

Өзгеге жақсылық жасау әркімнің адамдық парызы. Әсіресе, шыбын жаны шүберекке түйіліп, денсаулық сыр берген жағдайда жылдам әрекет ете білу қажет. Егер қолдан келер шара болмаса, тым құрығанда алғашқы көмекке желдей ұшқан жедел жәрдем көлігіне кедергі болмаған жөн.

Өзгеге жақсылық жасау әркімнің адамдық парызы. Әсіресе, шыбын жаны шүберекке түйіліп, денсаулық сыр берген жағдайда жылдам әрекет ете білу қажет. Егер қолдан келер шара болмаса, тым құрығанда алғашқы көмекке желдей ұшқан жедел жәрдем көлігіне кедергі болмаған жөн.

Еуропада Жедел жәрдем көлігі шақырылған жерге 5-15 минутта жетеді екен. Ал, біздегі жағдай басқаша. Жолдағы көлік кептілісін айтпағанда, көлік жүргізушілерінің өзі Жедел жәрдемге жол бере қоймайды. Бұған біз өз тәжірибемізбен де көз жеткіздік.

Жанат Исмаилова, Астана қаласы Медициналық жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері:

Кей жағдайда Республика, Сарыарқа даңғылдары арқылы оң жағалаудан сол жағалауға жету үшін 40 минут кетеді. Ол өте көп уақыт. Мұндай кезде жүргізушілердің көбісі жібермейді.

Астанадағы Медициналық жедел жәрдем бекетіне күніне 1300 астам шақырту түседі. Қысқы эипд маусым кезінде бұл көрсеткіш 1500 жетеді. Шақыртуға 75 бригада жұмылдырылған. Бұл 800 мыңнан астам халқы бар Астана үшін аздық етеді.

Жанат Исмаилова, Астана қаласы Медициналық жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері:

Биыл бізге 23 жедел жәрдем көлігін берілді. Қаламызға кем дегенде 81 бригада керек. Қазір 77 бригада ең көп мөлшерде шақырту қабылдай алады. Жыл соңына таман әкімдік тарапынан 7 көлік бөлінеді.

Бұл кезекті шұғыл шақыруда жүрген Шахан Сыздықов. Үш жылдық еңбек өтілі бар Шахан қиындықпен бетпе-бет келгенде тез әрі дұрыс шешім қабылдауға машықтанып алған. Жауапкершілік пен біліктілікті алдыңғы қатарға қоятын ол алғашқы ем-дом көрсетуді абыройлы міндет санайды.

Шахан Сыздықов, Астана қаласы Медициналық жедел жәрдем бекетінің дәрігері:

Жедел жәрдем бекетінде 3 жылдан бері жұмыс істеймін. Жұмыс оңай емес. Науқас та, олардың деңгейлері де әр түрлі. Десе де, медицина саласын бітірген адам жауапкершілікті сезінуі керек. Олай болмаған жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес.

Жедел жәрдем бригадасы кардио-реанимациялық, педиаторлық және фельдшерлік болып үш топқа бөлінеді. Ал, көлік GPS навигатор, планшеттік қондырғы сынды жаңа технологиямен жабдықталған. Осынша мүмкіндікті пайдаланып, жедел көмекке асыққан Жедел жәрдем көлігіне жол беруде өзге жүргізушілер салғырт қарамаса екен. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109