7 мамырда «Астана Опера» театрында Италия мен Ресей әртістері өнер көрсетеді
Астанада Отан
қорғаушылар күніне орай Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің концерті
өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына ҚР ҚМ Тәрбие жұмыстары департаментінен
хабарлады.
Театр сахнасында әлемге әйгілі итальяндық тенор Марсело Альварес, А.В.Александров атындағы Ресей Армиясының академиялық ән-би ансамблі, «Астана Опера» симфониялық оркестрі, сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі өнер көрсетеді.
Мерекелік шараға Мемлекет басшысы Н.Назарбаев, ҚР Үкіметінің мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҰОС ардагерлері және ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері қатысады. Айта кетейік, концертке келушілерді ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі қарсы алады.
Шара барысында патриоттық әндер, итальяндық және қазақ композиторларының классикалық шығармалары орындалады. Сонымен қатар, театр фойесінде еліміздің қарулы күштері туралы фото көрме ұйымдастырылады.
Еске салайық, мереке күндері Астана тұрғындары мен қонақтары «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда ҚР Қарулы күштерінің әскери парадын тамашалайды, ал кешке қалалық алаңда жастарға арналған концерт өтеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz