1148

Лагерьлер мен білім мекемелері балалардың жазғы демалысын ұйымдастырады

Жыл сайын жаз шыққанда мектептердің жанынан балаларға арналған лагерьлер ашылады. Биыл 2 маусым-11 шілде аралығында 68 мектепте лагерьлерде 30 мыңға жуық бастапқы сынып оқушысы қамтылмақ. 5-7 сынып оқушылары мектептердің жанын құрылған спорттық ойын-сауық алаңдарына, ал 8-10 сынып оқушылары әскери-спорт алаңдарына барады.

Жыл сайын жаз шыққанда мектептердің жанынан балаларға арналған лагерьлер ашылады. Биыл 2 маусым-11 шілде аралығында 68 мектепте лагерьлерде 30 мыңға жуық бастапқы сынып оқушысы қамтылмақ. Бұл туралы аstana.kz сайтына Астана қаласының Білім басқармасынан хабарлады

Сонымен қатар, 5-7 сынып оқушылары мектептердің жанын құрылған «Дидарлы жаз» спорттық ойын-сауық алаңдарына, ал 8-10 сынып оқушылары «Айбынды маусым» әскери-спорт алаңдарына барады. Жазда қалалық білім мекемелерінде мектеп аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру бойынша бригадар құрылады, қызығушылықтар бойынша үйірмелер ашылады, республикалық және халықаралық олимпиадалар өтеді, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

Маусымның бірінен бастап 1650 балаға арналған «Арман» лагері және 380 балаға арналған «Батыр» лагері өз жұмысын бастайды. Аталған демалыс орындарына тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балалар қабылданады. Демалыс бағдарламасына экскурсиялар, дене шынықтыру оңалту шаралары, табиғат қорғау және экологиялық жұмыстар, демалыс және ойын-сауықтар кіреді. 

Жазғы демалыс кезінде Оқушылар сарайы жанынан ашылған «Жазғы демалыс академиясы» мен «Жазғы шығармашылық мектебі» жұмыс істейді. Онда демалу, сауықтыру және шығармашылық қабілеттіліктерді жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасалады. Мекеме жаз бойы түрлі фестивальдар, байқаулар мен спорттық бұқаралық шаралар ұйымдастырады.

Еске салайық, жазғы лагерьлердің негізгі міндеті  демалыс кезінде балалардың демалысын ұйымдастыру, балаларды дамыту және тәрбиелеу, денсаулықтарын күшейту және баланың ересектердің қарауынсыз қалған уақытын қысқарту болып табылады.

Балалардың демалысын ұйымдастырумен айналысатын ұымдардың жұмыс сапасын білу және арыздар мен өтініштер беру үшін 32-49-67, 55-68-71, 55-69-61 телефондары бойынша ыстық желіге хабарласуға болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109