1375

Астанада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды

Қазақ халқы ықылым заманнан бері отбасы құндылығын жоғары қойған. «Әйел - үйдегі ырысың, ұл - айбарлы қылышың, қыз - түздегі өрісің, келін - кеңейген тынысың», - деп айтып отырған. Елімізде Елбасы бастамасынан қуат алған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы биыл екінші рет өтті. Қазір әр өңірде ұлттық құндылықты сақтап, салт-дәстүрді дәріптеп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде зор үлес қосып жүрген отбасылар марапатталуда.

Қазақ халқы ықылым заманнан бері отбасы құндылығын жоғары қойған. «Әйел - үйдегі ырысың, ұл - айбарлы қылышың, қыз - түздегі өрісің, келін - кеңейген тынысың», - деп айтып отырған. Елімізде Елбасы бастамасынан қуат алған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы биыл екінші рет өтті. Қазір әр өңірде ұлттық құндылықты сақтап, салт-дәстүрді дәріптеп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде зор үлес қосып жүрген отбасылар марапатталуда. Астанада өтінім берген 44 отбасының ішінде Ахметовтер әулеті үздік деп танылды.

Кендай Ахметов, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы:

«Отбасы мықты болса, мемлекет мықты болады. 1-орын алғанымызға өте қуаныштымыз». 

Ата-ана – отбасы діңгегі деп білетін Кендай аға мен Күлән апай өз міндеттерін мүлтіксіз орындап, бір-біріне деген құрметі арқылы ұл-қыздарына үлгі болып келеді. Дастархан басына жиналып, ашық әңгіме құрып, қал сұрасу Ахметовтердің айнымас қағидасына айналған.

Кендай Ахметов, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы:

«Жас та болсам, басшы болдым. Басшының баласы еркінсіп кетпес үшін ақылымды айтып отырдым. Сол ақылды тыңдады. Қай салада жұмыс істемесін, балаларыма сенемін».

Күлән Ахметова, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы:

«Балаларым әкесінің қас-қабағына қарап өсті. Әкелерін ренжітпеуін құлақтарына құйып өсірдім. Әлі күнге солай. Әкесінің жағдайын ойлайды».

Ахметовтердің теміржолшылар династиясы 1260 жылдан бері жалғасып келеді. Кендай аға мен Күлән апайдың отасқанына 40 жыл болған. Үш қыз бір ұл тәрбиелеп, олардан 6 немере сүйіп отыр.

Кендай Ахметов, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы:

«Патшамызға рахмет айтамыз. 130 халықтың басын біріктіру оңай емес. Астананы мақтамаймыз, Астанамен мақтанамыз. Болашағы зор, жастардың қаласы деп балаларымызды да осында алып келдік».

Енді астаналық жеңімпаз отбасы күзде өтетін республикалық сайыста бақ сынайды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109