1138

Елордалық экипаж үлгілі қызмет көрсетеді

«Астана Таңдауы-2014» байқауының ұйымдастырушылар тағы да бір ерекше акция ұйымдастырды. Елордада «Үлгілі қызмет көрсететін экипаж» жұмыс істейді. №1 автобус паркінің №10 бағыттағы автобусының жүргізушісі былтыр өткен байқаудың жеңімпазы Қанат Күлтаев. Ол халықтың танымына ие болып, елорданың үздік қоғамдық көлік жүргізушісі атанды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығынан хабарлады.

«Астана Таңдауы-2014» байқауының соңғы кезеңінде ұйымдастырушылар тағы да бір ерекше акция ұйымдастырды. Елордада «Үлгілі қызмет көрсететін экипаж» жұмыс істейді. №1 автобус паркінің №10 бағыттағы автобусының жүргізушісі  былтыр өткен байқаудың жеңімпазы Қанат Күлтаев. Ол халықтың танымына ие болып, елорданың үздік  қоғамдық көлік жүргізушісі атанды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығынан хабарлады. 

«Қоғамдық көлік миллиондаған адам тұратын, көптеген кәсіпорындар орналасқан үлкен мегаполистің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалада жүздеген бағыттағы автобустар халыққа қызмет көрсетеді. Бәрінің де діттеген жерлеріне жайлылықпен, және ең бастысы қауіпсіздікте жылдам, жеткісі келеді», - дейді Қанат Күлтаев. 

Автобус жүргізушісінің сөзіне қарағанда, үлгілі қызмет көрсету экипажын басқару ол үшін үлкен құрмет. 

«Жолаушылар әртүрлі болады, мінез-құлқы да әркелкі, көңіл-күйлері де басқа. Бірақ біз шыдамдылық танытамыз, автобус салондарында және қалалық жолдарда тәртіп сақтаймыз. Сонымен қатар, қалалық билікке қолдау көрсеткені, жұмысымызға қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамын». 

Қанат Күлтаев еңбек жолында автобус жүргізушісінің басты қасиеті  жауапкершілік екенін түсінген. Өйткені, ол жолаушылардың өмірі үшін жауапты, оның үстіне, мейірімді, көңілді, көпшіл болу керек. 

Еске салайық, «Астана Таңдауы» дәстүрлі байқауының жеңімпаздары халық танымына, сондай-ақ, Астана қаласы әкімінің қолынан кубок пен грамотаға ие болады. Үздік мамандар елорда тұрғындары мен қонақтарына үлгі болатындай олар туралы деректі фильмдер түсіріледі, билбордтар орнатылады. 

Байқаудың әрбір жеңімпазына тосын сыйлар жасалады. Халық майталмандарына заманауи ультрабуктер мен ұйымдастырушылар құпияда ұстап отырған тағы да бір сыйлық беріледі. 

Еске салайық, өтініштерді қабылдау 31 мамырда аяқталады, ал 1-20 маусымда Астана қаласы әкімдігінің сайтында дауыс беру басталады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109