905

Астаналық полицейлер оқушыларға жазғы сақтандыру полистерін табыстады

Жаз маусымында балалар жол-көлік травматизмінің алдын алу мақсатында «Назар аударыңыз, балалар» республикалық жедел алдын алу шарасы аясында Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Автоконтроль.кз» және «АСКО» сақтандыру компаниясымен бірлесе отырып, №2 орта мектепте 1-4 сынып оқушыларына арналған «Алыстан көрінген адам аман қалады» акциясын өткізді.

Жаз маусымында балалар жол-көлік травматизмінің алдын алу мақсатында «Назар аударыңыз, балалар» республикалық жедел алдын алу шарасы аясында Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Автоконтроль.кз»  және «АСКО» сақтандыру компаниясымен бірлесе отырып, №2 орта мектепте 1-4 сынып оқушыларына  арналған «Алыстан көрінген адам аман қалады» акциясын өткізді. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Әкімшілік полиция басқармасынан хабарлады.

Шара барысында бастауыш сынып оқушыларына 4 ай мерзіміне өмірді және денсаулықты бақытсыз жағдайлардан, жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру полистері, жолдорбалар мен сөмкелерге жабыстыруға арналған жарық шағылыстыратын қапшықтар берілді. Көптеген шетелдік зерттеулер көрсеткендей, жарық шағылыстыратын элементтері бар киім кию және заттарды алып жүру  қараңғы кезде жаяу жүргіншілердің көзге көрінуінің ең қарапайым және тиімді жолдардың бірі. Бұл көлікпен кісіні қағып кету жағдайларын 6,5 есеге азайтады. Жүргізуші әдетте жаяу жүргіншіні көліктен 25-40 метр қашықтықта байқайды. Фараның жақын жарығында бұл қашықтық 130-140 метрге, ал алыс жарықпен қозғалғанда 400 метрге дейін жетеді, дейді ведомстводағылар.

Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, бүгінде 28 жол-көлік оқиғасынан 27 бала түрлі жарақат алса, біреуі көз жұмған. Соның ішінде 23 жолдың тыйым салынған жерлерінен жүгіріп өткен, кәмелетке толмаған төрт бала ата-аналардың балаларды тасымалдауға арналған құралдарды қолданбауының салдарынан зардап шеккен.

Еске салайық, елордалық полицейлер осы сияқты профилактикалық акциялар мен флеш-мобтарды бұған дейін де өткізген. Мысалы, биыл сәуір айында мыңдаған оқушыға жарық шағылыстыратын браслеттер, белгілер мен қапшықтар таратылды.

Полицейлердің пікірінше, тиісті профилактикалық шаралар қозғалыс қарқыны артып, жолдарда апаттылық деңгейінің өсуі байқалатын жаз кезеңінде балалар травматизмі көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109