703

Биыл Астанада Жол қозғалысы ережелерін бұзған 700 астам қоғамдық көлік жүргізушісі тіркелді

Бүгін Астанада «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізілді, мақсаты жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен олардың салдарын азайту. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының ІІД хабарлады. Егер автобус жүргізушісі құқықбұзушылықты қайталаса, ол Жол қозғалысы ережелерін білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі. Желіге техникалық ақауы бар автобустарды шығарғаны үшін 24 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгін Астанада «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізілді, мақсаты  жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары мен олардың салдарын азайту. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының ІІД хабарлады. 

Егер автобус жүргізушісі құқықбұзушылықты қайталаса, ол Жол қозғалысы ережелерін білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі. Ал тиісті қаулыны алғаннан кейін 2 айдың ішінде емтиханды тапсыра алмаса, «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес іс материалдары көлік құралын басқару құқығын тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Сонымен қатар, жедел алдын алу шарасы шеңберінде автобустарды заңсыз қайта жабдықтау фактілері тексерілді. Техникалық жағдайы мен конструкциялары Жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді бұдан әрі пайдалануға тыйым салынды.

Үстіміздегі жылдың қаңтар-мамыр айларында елордада ЖҚЕ бұзған 700 астам қоғамдық көлік жүргізушісі тіркелді. Желіге техникалық ақауы бар автобустарды шығарғаны үшін 24 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109