1893

Елордада тұрғын үй құрылысының проблемалық мәселелерін шешуге ерекше назар аударылып отыр

Астанада тұрғын үй құрылысының проблемалық мәселелері әкімдіктің ерекше бақылауына алынған. Бұл бағыттағы жұмыс үлестік құрылысқа қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары шеңберінде жүргізіледі, аталған комиссия 30-дан аса проблемалық нысанды өз бақылауында ұстап отыр. Бүгінгі күні ВАК азаматтардың өз үйлерін, құжаттарын алуына, құрылысты қайта жандандыруға және басқа мәселелерде көмек көрсетуде.

Бұланты көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан мансарда қабаты тұрғындарының қиындықтары 2008 жылы басталған, ол кезде 36 адам Алтиев деген азаматқа ақша төлеп, сол жылдың шілде айында жаңа пәтерлеріне кіреміз деп үміттенген. Алайда қабаттың құрылысы аяқталмай қалды. Құрылыс кезінде сапасыз материал қолданылған, қазір тұрғындар жиналған ақшаға мансарданы қаптау жұмыстарын жүргізбек. Бірақ басты мәселе тұрғындарға өз пәтерлерін заңдастыруға мүмкіндік беретін құжаттардың жоқтығында болып тұр.

«Осы іспен жүргенімізге сегіз жыл болды, биыл Хорошун Сергей Михайлович басқаратын ВАК-қа жүгіндік, оның көмегінің нәтижесінде мәселелеріміз шешіле бастады. Пәтерлерімізді заңдастыруда Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының көмегіне қатты үміттенеміз. Бұл жерде зейнеткерлер көп, олар ақша жинап, Астанадан үй алуға әрекет жасаған, алайда сол уақыттан бері тұрғылықты ауданды өз аттарына тіркей алмай жүр. Ал құрылыс жүргізуші қазір жазасын өтеп жатыр. Ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш беріпті, бірақ үкімі күшінде қалдырылды, яғни ол 9 жыл қамауда отырады», - деп мәлім етті «Жеңіс-12» тұрғын үй құрылысы кооперативінің (ТҚК) төрағасы Николай Пропащев.

ВАК тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне құрылысты өз бетімен аяқтау үшін рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуде көмек көрсетуде. Мысалы, «Азбука жилья» құрылыс компаниясының бір нысаны бұрынғы «Экспо Таун» нысанында бүгінгі күні «Венский квартал» тұрғын үй кешенінің құрылысы қайта жандандырылды. «Экспо Таун Успех» ТҚК төрағасы Ольга Лигайдың айтуынша, жоба жақсартылып өзгертілген, әрлеу, абаттандыру веналық мәнерде жасалуда.

«Азбука жилья» компаниялар тобының басқа нысандары бойынша да ВАК мүшелері тұрғын үй-құрылыс кооперативтерін құрып, құрылысты жалғастыру үшін инвесторды іздестіру жұмыстарын бастау ұсынылды.

«Біздің нысан тиімсіз болғандықтан, инвесторды тарту мүмкін болмады, сол кезде ВАК бізге бұрынғы құрылыс жүргізушінің активтерін тиімсіз нысандардың құрылысына бағыттау үшін бірыңғай басқарушы компаниямен келісімдерге отыруды ұсынды. Өткен жылы біз «Орда инжиниринг» ЖШС басқарушы компаниясымен келісім жасастық. Компания құрылыс маусымы аяқталуға жақын болғандықтан, сот шешімін күтпестен, құрылыс жұмыстарын бастап кетті», - дейді «Жеті Жол» ТҚК төрайымы Бибігүл Шәпенова.

ВАК қолдауының арқасында пайдалануға берілген тағы бір нысан - Абай көшесіндегі тұрғын үй кешені. 2006 жылы бұл үйді «ФСБ-Шығыс»  ЖШС салған, ал бір жылдан кейін компания банкротқа ұшырағанын жариялады.

«Біз, үлескерлер, осында тұрып жатып, үйдің иесіз екенін білдік, сөйтіп, ТҚК құрып, осы үйді мемлекеттік пайдалануға тапсыруға тырыстық. Сотқа да жүгіндік, барлық жерде бас тартты, ал ВАК көмекке келді. Қазір үйдің жағдайы жақсы, құжаттарымызды қолымызға алдық, жұмысты былтыр бастаған болатынбыз, бір жылда тапсырды», - дейді «Әлия Астана» ТҚК төрағасы Амангелді Серікбаев.

Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Досқұлов мәлім еткендей, қала әкімдігі 2013 жылдан 2016 жылға дейін 20-дан аса нысан бойынша проблемалық мәселелерді шешкен, олардың құрылысы аяқталып, 3000-ға жуық азамат пәтерлерін алып, меншік құқықтарын тіркеді.

«ВАК жұмысының шеңберінде барлық проблемалық нысандар бойынша нысандарды аяқтау алгоритмдері әзірленген, жекелеген жағдайларда инвесторлар, үлескерлер арасында ортақ пікірдің жоқтығына байланысты ашық қалған мәселелер бар, осының салдарынан мәселені шешу ұзаққа созылуда», - деп атап көрсетті Дәулет Досқұлов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109