790

Тиісті рұқсаты жоқ елордалық құрылыс компаниялары анықталды

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдары мен салынып жатқан объектілердің тізімі жасалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер (алдын ала броньдау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз болып саналады.

Қаражатыңызды сақтау үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі барынша сақ болуды және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тартуға шақырады.

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Егер төменде көрсетілген компаниялармен мәміле жасаған болсаңыз немесе туындаған проблемалар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Достық көшесі, 13 мекенжайы бойынша «Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ға жүгіне аласыз.

Сол сияқты мына телефон нөміріне де хабарласуға болады: 8 (7172) 55-04-30, 70-32-88;

8-701-300-50-39 Әкімшілік-құқықтық бөлімнің басшысы Канафин Ерік Асылханұлы.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109