Жер комиссиясы отырысының онлайн-трансляциясы, 08:30 19.02.2020 ж.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабы 2-тармағына сәйкес, жер комиссиясының отырысы, егер оған комиссия құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқыққа сыйымды деп есептеледі. Бұл ретте қоғамдық кеңестердің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысып отырған өкілдерінің саны жер комиссиясының қатысып отырған мүшелері жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс.
Осыған байланысты, қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы саны мүшелердің жалпы санының үштен екісінен аз болғандықтан, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жер комиссиясының 19.02.2020 ж отырысы өткізілмеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz