981

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолданысқа енгізу туралы

2020 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК) және ҚР әртүрлі заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе заңға қол қойды.

ӘРПК 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Осы күннен бастап қолданыстағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңдары күшін жояды. Сонымен қатар ҚР АІЖК-нің бірқатар нормалары, соның ішінде 27-29-тараулары, басқа да кодекстер мен заңдардың нормалары өз қолданысын тоқтатады.

Жаңа кодекс әкімшілік рәсімдерді, мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ қоғамдық құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу тәртібін реттейтін айтарлықтай бірегей заңнамалық акт болып табылады. Бұрын Қазақстанда мұндай кодекс болған емес.

ӘРПК сәйкес әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу бірыңғай қағидаттар негізінде жүзеге асырылатын болады, олардың арасында мыналар ерекше назар аударады:

  1. құқықтардың басымдылық қағидасы – әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың барлық күмәндері, қайшылықтары мен түсініксіздігі әкімшілік рәсімге қатысушының пайдасына түсіндіріледі;
  2. ресми талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу – әкімшілік органға, лауазымды тұлғаға әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуға, шектеуге, тоқтатуға, сондай-ақ заңнамада белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында оған міндет жүктеуге тыйым салынады;
  3. сенім құқығын қорғау – әкімшілік рәсімге қатысушының әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның қызметіне сенімі заңмен қорғалады;
  4. соттың белсенді рөлі – сот әкімшілік рәсімге қатысушылардың түсініктемелерімен, мәлімдемелерімен, өтінішхаттарымен, олар ұсынған дәлелдермен, дәлелдемелермен және әкімшілік істің өзге де материалдарымен шектелмей, әкімшілік істі дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық нақты мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттейді; әкімшілік процеске қатысушылардың өз бастамасы немесе уәжді өтінішхаты бойынша қосымша материалдар мен дәлелдемелерді жинайды; әкімшілік істің нақты және (немесе) заңды тараптарына қатысты құқықтық негіздемелер бойынша өзінің алдын ала құқықтық пікірін айтуға құқылы.

Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде талапкерлер сотқа талап қоюдың мынадай түрлерімен жүгіне алады:

- әкімшілік актіні толығымен немесе оның бір бөлігін алып тастау талабымен дау айту туралы талап;

- әкімшілік органның, лауазымды адамның әрекетсіздігі себебінен қабылдаудан бас тартылған не қабылданбаған, қолайлы әкімшілік актіні қабылдауды талап етуді мәжбүрлеу туралы талап;

- әкімшілік актіні қабылдауға бағытталмаған белгілі бір іс-әрекеттер жасауды немесе осындай іс-әрекеттерден бас тартуды талап ету туралы талап;

- қандай да бір құқықтық қатынастардың болуын немесе болмауын тануды талап ете алатын тану туралы талап.

Әкімшілік істерді мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар қарайтын болады. Кейбір санаттар ҚР Жоғарғы Соты және бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қаралатын Нұр-Сұлтан қаласының сотымен қарастырылады.

ӘРПК қабылдау мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдармен дауларды қарау барысында, жоғары тұрған органдарда және соттарда істерді қарау барысында азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғау кепілдіктерін бекітуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сот жүйесіне жүктемені азайтуға әкеледі деп күтілуде. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109