3632

Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

2021 жылғы 1 шілдеде біздің елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі — кодекс) күшіне енеді.

Кодекс әкімшілік рәсімдермен және жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу жөніндегі арнайы сот ісін жүргізумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Жаңа кодекс шешім шығарылғанға дейін әкімшілік процестің барлық сатыларында татуласу, медиация туралы немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу мүмкіндігін көздейді.

Жаңа кодекс жоғары тұрған органда және сотта билік органдарымен дауларды қарау кезінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Кодекс мемлекеттік емес ұйымдармен және тұлғалармен өзара қарым-қатынасты реттейтін болады. Мысалы, ұлттық компаниялар, жеке сот орындаушылармен. Яғни, мемлекеттік өкілеттіктердің бір бөлігі берілген және кейбір билік пен әкімшілік функциялары бар субъектілермен.

Кодексте сот ісін жүргізудің жеке әкімшілік нысаны белгіленеді. Оның қажеттілігі АІЖК-дегі ерекше талап қою ісі мұндай істердің жария-құқықтық сипатын көрсетпейтіндігімен түсіндіріледі.

Сондықтан қоғамдық құқықтар туралы істер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралмауы керек, онда тараптар тең, ал әкімшілік құқықтық қатынастарда жеке тұлға мемлекетке тең емес.

Осылайша, кодекс, оны әзірлеуші идеясы бойынша, мемлекетпен дауларда құқық қолдану практикасына айтарлықтай өзгерістер енгізуі керек.

Кодекстің негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Кодексте, қазіргі уақытта қолданылып жүрген «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға қарағанда, өтінішті мемлекеттік органға келіп түскен сәттен бастап өтініш берушіге жауап жолдағанға дейінгі оны қарау процесінің барлық кезеңдері, сондай-ақ шағым жасаудың бүкіл рәсімі неғұрлым нақты регламенттелген.

Жаңашылдықтардың бірі – енді өтініш берушінің оның өтінішін қараудың әрбір кезеңіне, оның ішінде түпкілікті шешім қабылдауға қатысуға құқығы бар.

Хабарламаларды, ұсыныстарды, пікірлерді және сұрау салуларды қарау оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады.

Әкімшілік істі оңайлатылған әкімшілік рәсімде қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірі шығарылады:

1) хабарламаның, ұсыныстың, жауаптың, сұрау салудың мәні бойынша жауап немесе ақпарат беру;

2) назарға алу;

3) оңайлатылған әкімшілік рәсімді тоқтату.

Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіге, әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Бұл ретте әкімшілік рәсімдер шеңберінде өтініштерді қарау мерзімі қолданыстағы заңнамаға қарағанда күнтізбелік 30 күннен 15 жұмыс күніне дейін қысқартылатын болады (объективті себептер бойынша 2 айдан аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігімен).

Шағым, әкімшілік акті, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданып жатқан сәйкес әкімшілік орган, лауазымды тұлға атына беріледі.

Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте әкімшілік актісі, әкімшілік іс-әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарастырғаннан кейін жол беріледі.

Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды тұлғаға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей беріледі.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.

Шағымды қарайтын орган шағымды қарап, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды :

1) әкімшілік актінің күшін жою туралы;

2) әкімшілік актінің күшін жою және жаңа әкімшілік актіні қабылдау туралы;

3) әкімшілік әрекеттің жасалғаны туралы;

4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

5) әкімшілік істі әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға жіберілген бұзушылықтар мен оларды жою жөніндегі ұсыныстар көрсетіле отырып, әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға жіберу туралы шешім қабылдау туралы;

6) шағымды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

Материалдың осы бөлігінде автор әкімшілік процедураны, оның тәртібін және нәтижесінде қабылданатын мүмкін шешімдерді қысқаша айтып берді.

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңға қарағанда, жаңа кодексте дауларды әкімшілік әділет тәртібімен шешу реттеледі, яғни өтініштерді әкімшілік органның немесе лауазымды тұлғаның ғана қарау және жоғары тұрған әкімшілік органдарға шағымдану рәсімі ғана емес, сондай-ақ шағымдарды мемлекеттік соттардың кейіннен қарауы (әкімшілік сот ісін жүргізу) көзделген.

Демек, әкімшілік әділетті енгізу құқықтық мемлекетті дамытуда маңызды қадам болуға және Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғаудың тиімділігін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109