Жалпы ақпарат
«Астана қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласының аумағында білім беру мекемелерінің қызметін бақылау мен басқаруды іске асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Басқарманың миссиясы: азаматтардың сапалы білім алуға конституциялық құқығын, білім қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның білім саласындағы және мемлекеттегі білікті кадрларға деген сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері:
- өңірлік, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, мектептен тыс, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
- - қоғам дамуының өзгеру жағдайларына сәйкес қаланың білім беру жүйесінің қызмет етуін және оны әлеуметтік-экономикалық қорғауды қамтамасыз ету;
- - білім беру саласындағы мемлекет саясатының принциптері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім беруді дамыту және білім бағдарламаларын игеру үшін жағдай жасау;
- - оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын қалыптастыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
- - педагогика қызметкерлерінің әлеуметтік статусын көтеруді қамтамасыз ету.
- - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық санаттағы балалардың құқықтарын іске асырумен байланысты кешенді іс-шараларды жүзеге асыру;
ББ сайтына сілтеме: http://bilim.astana.kz/
Балабақшаға кезекке тұру және кезекті қарау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 58 «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейінгі) балаларды есепке қою» мемлекеттік қызметі «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығының негізінде қабылдау қызмет алушының таңдауы бойынша жедел қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібінде жүзеге асырылады.