Жалпы ақпарат
«Астана қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қаласының аумағында білім беру мекемелерінің қызметін бақылау мен басқаруды іске асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Басқарманың миссиясы: азаматтардың сапалы білім алуға конституциялық құқығын, білім қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның білім саласындағы және мемлекеттегі білікті кадрларға деген сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері:
- өңірлік, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, мектептен тыс, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
- - қоғам дамуының өзгеру жағдайларына сәйкес қаланың білім беру жүйесінің қызмет етуін және оны әлеуметтік-экономикалық қорғауды қамтамасыз ету;
- - білім беру саласындағы мемлекет саясатының принциптері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім беруді дамыту және білім бағдарламаларын игеру үшін жағдай жасау;
- - оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын қалыптастыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
- - педагогика қызметкерлерінің әлеуметтік статусын көтеруді қамтамасыз ету.
- - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық санаттағы балалардың құқықтарын іске асырумен байланысты кешенді іс-шараларды жүзеге асыру;
ББ сайтына сілтеме: http://bilim.astana.kz/
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz