Жер және құрылыс
Заңды және жеке тұлғаларға нысандар құрылысы үшін мемлекеттің меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер телімдерін бастапқы беру бәссауда (аукцион) арқылы жүргізіледі. ҚР Жер Кодексінің 48 б. қарастырылған жағдайлар ғана айрықша болып саналады.
Жоспарлау
Астана қаласын дамытудың 2030 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес, қала аумағы 71014 га, соның ішінде құрылыс жүргізілетін аумақ - 36 235 га,табиғи-ландшафтты аумақ - 34 779 га құрайды.
Жерлерді заңсыз басып алу
Жер учаскелерін өз бетінше басып алу және заңсыз құрылыс жүргізу фактілерін жедел түрде анықтау үшін Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен қала әкімдігінде құрамын бақылаушы органдардың, сондай-ақ прокуратура мен ішкі істер органдарының өкілдері енген жұмыс тобы құрылды.
Құрылыс стратегиясы
Астананы дамытудың стратегиялық жоспарында оны еуразиялық кеңістіктегі үлгілі астанаға, еліміздің тұрлаулы дамуын қамтамасыз етудің негізіне айналдыру миссиясы алға қойылды. Астананың болашағы белгіленді: Қазақстан Республикасының елордасы – бұл экономикасы бәсекеге қабілетті, еліміздің тұрғындары, азаматтары мен туристер, кәсіпкерлер үшін тартымды, қоршаған ортасы қолайлы қала.