238

Ақпараттық хабар

2020 жылғы 25 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 87 және 89-баптарына сәйкес, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өңірлік филиалынан (бұдан әрі – партия филиалы) Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну бойынша мынадай құжаттар ұсынылды:

1) партиялық тізімді ұсыну туралы партия филиалының кезектен тыс ІІІ конференциясы хаттамасынан үзінді көшірме;

2) партия филиалы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;

3) электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;

4) азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;

5) партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері;

6) партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;

7) уәкілетті адам қол қойған және партия филиалының мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар;

8) партия филиалының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі.

Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық сайлау комиссиясы партиялық тізімдерге енгізілген Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасы Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды. 

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдерді ұсынуды саяси партиялар ағымдағы жылғы 10 қараша 4 желтоқсан (сағат 18.00-ге дейін) аралығында жүзеге асырады. Партиялық тізімдерді тіркеу ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады.

Нұр-Сұлтан қаласы
Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Б. Бектемісова

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109