793

Нұр-Сұлтан қаласы сайлау комиссиясының хабарламасы

2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауына 5 саяси партия қатысты:

Қазақстанның Халық Партиясы

«Nur Otan» партиясы

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы

«ADAL» саяси партиясы.

Қалалық мәслихат депутаттығына партиялық тізімдерде барлығы 88 кандидат тіркелді.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саяси партияларға дауыс беру қорытындысы:

Қазақстанның Халық Партиясы – 7,41%

«Nur Otan» партиясы – 83,61%

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 0,98%

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 7,44%

«ADAL» саяси партиясы – 0,56%.

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында 31 депутат.

Дауыс беру нәтижесі бойынша 7 пайыздан көп дауысқа ие болған       3 саяси партия:

Қазақстанның Халық Партиясы – 7,41%

«Nur Otan» партиясы – 83,61%

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 7,44%.

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес, сайлау қорытындысы негізінде саяси партиялар үшін 31 депутаттық мандат төмендегідей бөлінді:

Қазақстанның Халық партиясы – 2 мандат

«Nur Otan» партиясы – 26 мандат

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 3 мандат.

 

Нұр-Сұлтан қаласының сайлау комиссиясы

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109