Салық салу мақсатында жерді аймаққа бөлу сызбасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) пайыздары туралы
Жоба
Астана қаласы мәслихатының шешімі
(алтыншы шақырылымның 34-ші кезектен тыс сессиясы)
Астана қаласы __ маусым 2018 жыл
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 9-бабына және 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Салық салу мақсатында аймаққа бөлу сызбасы және аймақтар шекарасының сипаттамасы 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) пайыздары 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Аталған жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) пайыздары автотұрақтар (паркингтер) және автокөлікке жанармай құю станциялары үшін бөлінген жер учаскелерге таралмайды.
3. «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылатудың (төмендетудің) түзету коэффициенттері және салық салу мақсатында аймақтардың шекаралары туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 37-34п қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. «Салық салу мақсатында жерді аймаққа бөлу сызбасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату (төмендету) пайыздары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 94/11-V шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күннің өтуі бойынша қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының
сессия төрағасы А. Ким
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы Ж. Нұрпейісов
-
Приложение 3 по налогам каз.doc Doc 30.5 Кб
-
прил 2 Границы зон каз.docx Docx 23.39 Кб
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz