«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 197-857 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 197-1019 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 197-857 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшанда:
1, 2, 3-тармақтарында «Меншік иесі мен жер пайдаланушы» деген бағандағы «Ли Елена Витальевна» деген сөздер «Рыжеба Рашид Абдуллаевич» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
Әкiм И. Тасмағамбетов
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz