1103

«Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 37-925қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы

       Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы  21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы  15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы  16 қыркүйектегі № 37-925қ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулының 1-тармағындағы «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» деген сөздер «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін. 

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

               

                  Әкiм                                                                      И. Тасмағамбетов

           

                  Әкімнің бірінші орынбасары                                 С. Хорошун


                  Мемлекеттік-құқықтық

                  бөлімінің басшысы                                                  Д. Досқұлов


                  «Астана қаласының

                   Сәулет және қала құрылысы

                   басқармасы" мемлекеттік

                   мекемесінің басшысы                                             В. Силецкий


                   «Астана қаласының

                    Коммуналдық шаруашылығы

                    басқармасы» мемлекеттік

                    мекемесінің басшысы                                              П. Кулагин


                    «Астана қаласының Жер

                    қатынастары басқармасы» 

                    мемлекеттік мекемесінің басшысы                       Т. Нұркенов 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109