Астана қаласының маслихатының шешімі (маслихаттың кезекті, қырық екінші сессиясы)
Жоба
Астана қаласы 1 қараша 2018 ж
Азаматтардың жекелеген санаттарына
амбулаториялық емделу кезінде
тегін және жеңілдікті шарттармен
дәрілік заттарды, бейімделген емдік
өнімдерді, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды қосымша беру туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1- тармағының 15) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру тізбесі бекітілсін.
- Осы шешімнің 2- қосымшасына сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы С. Сыдықов
Астана қаласы мәслихаты хатшысы Ж. Нурпеисов
КЕЛІСІЛДІ
«Астана қаласының Денсаулық
сақтау баскармасы» мемлекеттік
мекемесі (ДСБ) басшысы К. Надыров
-
1, 2 қосымша Docx 23.96 Кб
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz