«Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 180-1852 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жоба
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23.қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 180-1852 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1075 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 қарашада «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 2-тармағындағы «Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің» деген сөздер «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулыға 1, 2, 3 қосымшаларда:
1-тармақта «Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздер тиісінше «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
- «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат
орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі Б. Сұлтанов
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz