204

«Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 107-969 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулы жобасы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-2) тармақшасы, 62-бабының 4-26-1 тармақтарына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 мамырда «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкiмдiгiнің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 107-969 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1239 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

1) жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесіндегі «еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына» деген сөздермен «еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына» деген сөздер ауыстырылсын;

2) жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын..

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Б. Мәкен
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесі мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Маңқараев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш. Қадырова

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109