Үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру және сайлаушылармен кездесулер өткізу орындарын анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 28-бабының 4), 6) тармақтарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Саяси партиялардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
- Сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін орын-жайлар шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес берілсін.
- «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін үй жайлар беру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 104-274 қаулысының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 99802 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 ақпанда «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- «Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
КЕЛІСІЛДІ
Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық
сайлау комиссиясының төрағасы
__________________Б. Бектемісова
2020 жылғы «__»______________
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz