Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Талдыкөл көлінің және Нұра-Есіл каналы жекелеген учаскелерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 205-1856 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қау
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Талдыкөл көлінің және Нұра-Есіл каналы жекелеген учаскелерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 205-1856 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1290 болып тіркелген, 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 110 «Астана ақшамы», 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 110 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) қосымшаға осы қаулыға қосымшаға сәйкес толықтырулар енгізілсін.
- «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасындағы Нұра-Есіл арнасы мен Талдыкөл көлі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерінің картографиялық материалдарға түсірілуін;
2) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 3), 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековке жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Н. Солтамбеков
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің
басшысы Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Қоршаған ортаны қорғау
Және табиғатты пайдалану
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Ә. Қожабаева
КЕЛІСІЛДІ
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет,
қала құрылысы және жер
қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Н. Ұранхаев
2020 жылғы «____» ____________
«Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Д. Бекмағамбетов
2020 жылғы «____» ____________
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz