115

«Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 108-1875 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының
26) тармақшасына, «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Астана қаласының аумағында коммуналдық ақылы автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 108-1875 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 974 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыда:

атауында және қосымшада бүкіл мәтін бойынша «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;

3-тармақтың 12) тармақшасындағы «І және ІІ топтағы мүгедектер» деген сандар мен сөздер «І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;

11-тармақтың 3) тармақшасындағы «І және ІІ топтағы мүгедектерге» деген сандар мен сөздер «I, II және III топтағы мүгедектерге» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Қизатовқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары E. Қизатов
«Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Көлік және жол-көлік
инфрақұрылымын дамыту басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Сапарбаев

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109