«Нұра-Есіл арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 205-2327 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» қаулы жобасы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қаулының бүкіл мәтіні бойынша, қаулыға қосымшада «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын.
- Астана қаласы әкімдігінің «Нұра-Есіл арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» 2017 жылғы 8 қарашадағы № 205-2327 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 1140 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қарашадағы № 139 (3644) «Астана ақшамы», 2017 жылғы 23 қарашадағы № 139 (3662) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) осы қаулының қосымшасына сәйкес
2-қосымшамен толықтырылсын. - «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
- осы қаулыға қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасындағы Нұра-Есіл арнасы үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерінің картографиялық материалдарға түсірілуін;
- осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
- осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
- осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы тармақтың
1), 3), 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековке жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Н. Солтамбеков
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің
басшысы Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Қоршаған ортаны қорғау және
табиғатты пайдалану басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушысы Ж. Бескемпірова
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz