214

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 мамырда «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 107-105 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1202 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген  іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Б. Мәкен
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Маңқараев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Білім басқармасы» мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы Ш. Сейсенбай

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109