143

Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық, қала маңындағы және экспресс-маршруттарда жолаушылар көлігінің жолақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 3) тармақшасына, «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Нұр-Сұлтан қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық, қала маңындағы және экспресс-маршруттарда жолаушылар көлігінің жол жүру ақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты сессиясының төрағасы
______________________
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты хатшысы Е. Каналимов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Нұр-Сұлтан қаласының
Көлік және жол-көлік
инфрақұрылымын дамыту басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Сапарбаев

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109