91

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты «Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімінің жобасы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 65-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығының 8-тармағына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидаларының 9-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9-2. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан су объектілерінің ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, суға шомылудың, ауыз су және шаруашылық мұқтаждары үшін су алудың, шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзуге мынадай орындарда тыйым салынады:

«Алматы» ауданы бойынша:

1) Есіл өзені, Күйгенжар тұрғын алабы, «Причал» дәмханасының артындағы жағалау, ұзындығы 150 м;
2) Есіл өзені, Күйгенжар тұрғын алабы, Көксу көшесінің бойындағы жағалау, ұзындығы 150 м;
3) Есіл өзені, Интернациональный тұрғын алабы, «Құлагер» демалыс аймағының маңында, ұзындығы 200 м;
4) Есіл өзені, Интернациональный тұрғын алабы, «Құлагер» демалыс аймағына бұрылыста, ұзындығы 50 м;
5) Есіл өзені, Достық шағын ауданы, Речной тұйық көшесі, ұзындығы 100 м;
6) Есіл өзені, Амман көшесі, Ақбұлақ өзені арнасының шетінен бастап, ұзындығы 500 м;
7) Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бағытындағы айналма жол бойынша контрреттегіштің су арнасы, ұзындығы 1000 м;

«Байқоңыр» ауданы бойынша:

1) Есіл өзені, «Ататүрік» саябағының ауданы, ұзындығы 850 м;
2) Ақбұлақ өзені;
3) «Көгілдір лагуна» қазаншұңқыры, өнеркәсіптік аймақ;
4) қазаншұңқыр, «ҚазМұнайГаз» мұнай базасына жақын өнеркәсіптік аймақ»;

«Есіл ауданы» бойынша:

1) Есіл өзені, «ҚазМұнайГаз» сауда үйінің ауданы, ұзындығы 1200 м;
2) Есіл өзені, Шұбар тұрғын алабы, ұзындығы 1000 м;
3) Есіл өзені, Тельман тұрғын алабы, ұзындығы 600 м;
4) Есіл өзені, «Западный» саяжай алабы, ұзындығы 1000 м;
5) «Нұра-Есіл» арнасы, Пригородный тұрғын алабы, ұзындығы 3500 м;
6) Қарасу өзені, ұзындығы 3000 м;

«Сарыарқа» ауданы бойынша:

1) Есіл өзені, Кенесары көшесінің басынан Ырыскелді Қажы мешітіне дейін С-409 көшесі бойынша, ұзындығы 1400 м;
2) Есіл өзені, Көктал-1 тұрғын алабы, «КЖБИ-56» саяжай алабынан «Шарапат» қарттар үйіне дейін, ұзындығы 3500 м;
3) Есіл өзені, Көктал-1 тұрғын алабы, «Норд Хаус» тұрғын үй кешенінің аумағынан тыс, ұзындығы 200 м.».

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының
сессия төрағасы Н. Купешов
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109