«Алматы» ауданы әкімі апараты

Есполов Бектенбай Тілектесұлы «Алматы» ауданының әкімі

Жалпы мәлімет

  • Аудан 1998 жылдың 6 мамырында құрылған
  • Жалпы ауданы – 21 054 га
  • Халық саны – 379,2 мың адам
  • Ауданда 5 тұрғын алабы орналасқан

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтанқаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 7.

Телефондары: Ұйымдастыру-бақылау бөлімі +7 (7172) 36-39-19

Персоналды басқару қызметі +7(7172) 36-38-90

Кеңсе +7 (7172) 36-36-87

Білім және әлеуметтік сала бөлімі +7 (7172) 36-11-26

Тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі +7 (7172) 34-08-35

Абаттандыру бөлімі +7 (7172) 35-22-27

Инфрақұрылымды дамыту бөлімі +7 (7172) 35-03-01

Өндірістік-техникалық бөлім +7 (7172) 34-18-19

Сметалық бөлім +7 (7172) 34-17-43

Қаржы бөлімі +7 (7172) 36-51-04

Мемлекеттік сатып алулар бөлімі +7 (7172) 36-45-59

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі +7 (7172) 36-93-49

Факс: +7 (7172) 36-27-01

Веб-сайт: almaty.astana.kz

Мемлекеттік органның қызметі туралы қысқаша анықтама

«Алматы» ауданы әкімінің аппараты әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жергілікті бюджет арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Аппарат қызметінің басымды бағыттары мыналар болып табылады: азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiндегі шаралар қолдану; салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу; аппарат әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бекiтуi үшiн Нұр-Сұлтан қаласы әкiмдігінің қарауына енгiзу; Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес стратегиялық жоспарды әзiрлеу; азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауға жәрдемдесу; өз құзыретi шегiнде кәсiпкерлiк қызметтi дамытуды қолдау; әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру; табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзу, жалғызбасты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастыру; жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау; жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу; мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың қызметiн қамтамасыз ету; тұрғын алаптарды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзу.

Азаматтарды қабылдау кестесі

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау уақыты

1

Есполов Бектенбай Тілектесұлы

Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының әкімі

Әр бейсенбі сайын 16.00-18.00

2

Әзімов Қайрат Мұратұлы

Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының әкімінің орынбасары

Сәрсенбі 16.00-18.00

3

Саматұлы Мақсат

Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының әкімінің орынбасары

Сәрсенбі 16.00-18.00

4

Бапышев Бекжан Мейрамбекұлы

Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының әкімінің орынбасары

Жұма 16.00-18.00

5

Елімсарина Арайлым Тлеуханқызы

Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының әкімінің орынбасары

Сәрсенбі 16.00-18.00

6

Қожекенов Мұхамедияр Нұрлыбекұлы  

«Алматы» ауданы әкімінің аппарат басшысы

Сейсенбі 16.00-18.00  

«Алматы» ауданы әкімі аппаратының құрылымы

Ұйымдастыру-бақылау бөлімі

Бөлім басшысы – Қапанов Бауыржан Серікпайұлы

Тел: 36-39-19

Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің директивті актілеріне, қала және аудан әкімінің өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізеді. Барлық деңгейдегі өкілетті және атқарушы органдармен ұйымдастыру және ақпараттық әрекетті қамтамасыз етеді. Қала әкімі, әкім орынбасарларының, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылып, олар бойынша реестр жүргізеді, аудан әкімінің тапсырмаларына талдау және мониторинг жүргізеді.

Персоналды басқару қызметі

Бөлім басшысы – Иманбаева Динара Қыдырбайқызы

Тел: 36-38-90

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады, мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді, мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Кеңсе

Бөлім басшысы - Уразбекова Гүлбаршын Садуақасқызы

Тел: 36-36-87

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңын жүзеге асыруын қамтамасыз ету, аудан әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыздардың уақытылы қарастырылуын, сондай – ақ, бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады. Құжаттаудың бiрыңғай тәртiбiн, құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды, ақпараттық iздеу жүйесiн құру және жүргiзудi, құжаттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Құжаттарды алғашқы өңдеудi, алдын-ала қарауды, тiркеудi, есепке алуды, сақтауды, жеткiзудi және таратуды жүзеге асырады. Келіп түскен өтініштерінің айлық, тоқсандық талдауын жасайды, кіріс құжаттарының жағдайы жөнінде ақпарат дайындайды.

Әлеуметтік сала бөлімі

Бөлім басшысы – Бекенова Сапура Мухамедияқызы

Тел: 36-11-26

Мүгедектерді, жалғызбастыларды, қарттарды және де басқа аз қамсыздандырылған азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша, денсаулық сақтау, білім, көші-қон, демография саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Аз қамтылған азаматтарды анықтайды және оларды арнайы есепке алады, жұмыспен қамту мәселелері бойынша құзыретті органдарға қолдау көрсетеді, атаулы әлеуметтік көмек беру жөніндегі комиссияның жұмысына, Семей полигоны жөніндегі арнайы комиссияның жұмысына қатысады, Ардагерлер кеңесімен өзара жұмыс жасайды.

Ішкі саясат бөлімі

Бөлім басшысы - Жақыпов Нұрболат Еркенұлы

Аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, қозғалыстармен, қорлармен, шығармашылық одақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, діни, волонтерлік және жастар ұйымдарымен, этно-мәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бөлім мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, аудандық ұйымдардың қоғамдық-саяси және мәдени-спорттық іс-шараларды өткізу жөніндегі қызметін үйлестіру жөніндегі практикалық жұмысты жүзеге асырады.

Инфрақұрылым бөлімі

Бөлім басшысы – Жағыпаров Ербол Төлеуұлы

Тел: 36-39-27

Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бизнес объектілердің сыртқы және көрнекі жарнамасының тиісті жағдайына байланысты өзара әрекеттесуді үйлестіреді және ұйымдастырады; Мұз айдындары мен қар қалашықтарын ағымдағы күтіп ұстау және орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; Көше аншлагтарын дайындап, орнатады; Аудан аумағындағы жерді ұтымды пайдалануды және әр түрлі мақсаттағы (тұрғын ғимараттар, темір гараждар және басқа объектілер) өз бетімен құрылыс салу фактілерін бақылайды; Маусымдық сауда орындарын анықтау және үйлестіру жөніндегі жұмысты жүргізеді; Аудандық Полиция басқармасының ЖПҚ-мен, сондай-ақ рұқсат етілмеген сауда мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды; Аудандық Полиция басқармасының табиғатты қорғау бөлімімен өзара іс-қимыл жасайды; Аудан аумағында салынып жатқан және пайдалануға берілген нысандардың мониторинг жүргізеді; Объектілерді рұқсатсыз салу фактілері анықталған жағдайда өз құзыреті шеңберінде уәкілетті органдарға хабарлау шараларын қабылдайды; Көлік және коммуникация кәсіпорындары мен ұйымдарының, құрылыс кәсіпорындарының қызметін бақылайды, сонымен қатар ауданның инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізеді, мекен-жай орнына тексеру үшін объектіге баруды жүзеге асырады.

Тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі

Бөлім басшысы – Сарсекеев Ерлан Танатқанұлы

Тел: 34-08-35

Ауданның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін, барлық меншік түріндегі кәсіпорындарға ықпал жасауды, жылу маусымына дайындық бойынша шараларды іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру. Аудан тұрғындарына қызмет көрсету сапасын көтеруге байланысты ПИК, ОИК, ТҚК, МҮБ, ЖС және ӨК-термен үнемі жұмыс жүргізу. Аудан бойынша ашық құдықтарға мониторинг жүргізу, қалалық басқармалармен және коммуналдық кәсіпорындармен бірлесіп әрекет ету. Қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен су, жылу, электрмен жабдықтау кезінде авариялық жағдай орын алған уақытта, бірлесе әрекет ету. Тұрғын үй қорының тиісті аумағының санитарлық жағдайын бақылау.

Абаттандыру бөлімі

Бөлім басшысы – Топаев Бахтияр Шабденұлы

Тел: 34-22-27

Қаланың кәсіпорындары және ұйымдарымен, коммуналдық қызметтермен әрекет жасауды қамтамасыз ету. «қаланың кәсіпорындары және ұйымдарымен, коммуналдық қызметтермен әрекет жасауды қамтамасыз ету. «Абаттандыру, санитарлық жағдай, аумақты жинау және тазалықты қамтамасыз ету ережелері туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты шешімінің орындалуын қамтамасыз ету. Бекітілген және жақын орналасқан аумақты санитарлық күту мәселелері бойынша ауданның кәсіпорындары және ұйымдарымен жұмысты ұйымдастырады. Қала аумағында жол, тротуарлардың, газондардың және басқа қала шаруашылығы элеметтерінің жұмыс өндірісі тәртібінің сақталуына бақылау жасау.

Өндірістік-техникалық бөлім

Бөлім басшысы – Бисегулов Аслан Ғабдрахманұлы

Тел: 36-36-79

Ауданды ағымдық ұстау бойынша қажетті іс-шараларды жасақтайды. Техникалық-экономикалық негіздемелер мен есептерді дайындауға қатысады. Санитарлық тазалау, көгалдандыру, жарықтандыру және тасқын судың алдын алу шараларымен айналысады. Мердігер ұйымдардың жұмысын қадағалайды.

Сметалық бөлім

Бөлім басшысы – Тілегенова Раушан Сансызбайқызы

Тел: 34-17-43

Бюджеттік өтінімге жасалған есептерді құру және тексеру, мемелекеттік сатып алу байқауын өткізуге арналған техникалық ерекшеліктерінің дұрыс құрастырылуын тексеру, мердігер ұйымдардың атқарған жұмыстарының актілеріне қол қою. Жұмыс жасаған кезде туындаған сұрақтарды өз уақытында шешу бойынша шаралар қабылдау.

Қаржы- шаруашылық бөлімі

Бөлім басшысы -

Тел: 36-51-04

«Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бекітілген бюджеттік бағдарламаларына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлауды және қаржыландыру жоспарының орындалуын жүзеге асырады. .

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізеді. Заңнамаға сәйкес қаржы органдарына тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептердің уақытында дайындалуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік сатып алу бөлімі

Бөлім басшысы – Оспанова Жансая Байназарқызы

Тел: 36-45-59

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жасау. Уәкілетті органға қажетті ақпаратты уақытылы ұсыну және оны веб-сайтқа, веб-порталға жіберу. Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының дұрыс жасалуына, жергілікті органдарға уақытылы мағұлматты мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының дұрыс жасалуын, қызметтер және жұмыс, заттарды жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын құрылып, бекітілгенін қадағалау.

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

Бөлім басшысы – Әміржанова Гүлсім Мәдиқызы

Тел: 36-93-49

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді: Қазақстан Республикасы аумағында тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін ауыстыруды, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізуді, жоюды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін беруді ұйымдастыру.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz