Газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінген. Әкімдіктің 9 іске қосу кешені бар жобаның 1-ші кезегінің құрылысы 2019 жылдың күзінде басталды

Құрылыстың І кезегі 9 іске қосу кешенінен тұрады:

1-ші іске қосу кешені – ЖЭО-1, 3 дейін газ тарату желілері. Құрылыс толығымен аяқталды, газ беру қамтамасыз етілді.

2-ші іске қосу кешені – ЖЭО-2 дейін газ тарату желілері. Құрылыс толығымен аяқталды, газ беру қамтамасыз етілді.

3-ші іске қосу кешені – «Көктал-2» т/а дейін газ тарату желілері. Құрылыс толығымен аяқталды, газ беру қамтамасыз етілді.

4-ші іске қосу кешені – «Көктал-2» т/а газ тарату желілері, «Агроқалашық» бөлігі. Құрылыс толығымен аяқталды, «Көктал-2» т/а және «Агроқалашық» т/а газ беру қамтамасыз етілді.

5-ші іске қосу кешені – «Агрогородок» т/а газ тарату желілері. Құрылыс ішінара аяқталды, «Агроқалашық» т/а бөлігіне газ беру қамтамасыз етілді. Қалған бөлігі ағымдағы жылдың 25 қарашасына дейін аяқталады.

6-ші іске қосу кешені – «Көктал-1» т/а газ тарату желілері. Құрылыс толығымен аяқталды, «Көктал-1» т/а газ беру қамтамасыз етілді.

7-ші іске қосу кешені – «Железнодорожный» т/а газ тарату желілері. Құрылыс толығымен аяқталды, «Железнодорожный» т/а газ беру қамтамасыз етілді.

8-ші іске қосу кешені – «Промышленный» т/а газ тарату желілері, «Оңтүстік-Шығыс» бөлігі. Құрылыс ішінара аяқталды, «Промышленный» т/а, «Оңтүстік-Шығыс» бөлігіне газ беру қамтамасыз етілді. Қалған бөлігі ағымдағы жылдың 25 қарашасына дейін аяқталады.

9-ші іске қосу кешені – «Оңтүстік-Шығыс» т/а бөлігіндегі газ тарату желілері. Құрылыс аяқталды, газ беруді ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2020 жылы 2 іске қосу кешенімен («Күйгенжар», «Мичурино», «Интернациональный» т/а) 2-ші кезектің құрылысын бастады.

2,3-ші кезектің қалған бөлігі бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оларды іске асыру мерзімі 2022 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңде республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жеке инвестицияларды тарта отырып жоспарланады.

1, 2 іске қосу кешендері бойынша (бұл ЖЭО-1-ге, ЖЭО-2-ге жеткізу желілері), 3 іске қосу кешені бойынша (Көктал т/а газ құбырын жеткізу), 4 іске қосу кешені бойынша (Көктал-2 т/а, Агроқалашық бөлігі), 6 іске қосу кешені бойынша (Көктал-1 т/а) 5 іске қосу (ішінара) (Агроқалашық), 7 іске қосу кешені бойынша («Железнодорожный» т/а), ішінара 8 іске қосу кешені бойынша (ішінара) («Промышленный» т/а, «Оңтүстік-Шығыс» бөлігі) жұмыстар аяқталды, желілер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға берілді, газ іске қосылды.

Бүгінгі күні «Железнодорожный», Көктал-1, Көктал-2, Промышленный т/а, Агроқалашықтың Оңтүстік-Шығыс бөлігінде тұтынушыларды қосу қамтамасыз етілді. Халықты кезең-кезеңмен қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы халық саны шамамен 120 мың адамды құрайтын  9000 абонент қосылуға қол жеткізді.

2021 жылғы қарашада іске қосу (Агроқалашық) 5-тің қалған бөлігі, іске қосу (Оңтүстік-Шығыс ішінара сол жағы) 8-і, 9 іске қосу кешені      (Оңтүстік-Шығыс оң жағы) енгізіледі. Жыл соңына қарай жалпы халық саны шамамен 200 мың адамды құрайтын 14000 абонент қосылуға қол жеткізе алады.

2020 жылы ЖЭО-1, 2-ге газ берілді.

2020 жылы ЖЭО-2-де бір қазандықтың, ЖЭО-1-де үш қазандықтың газбен жұмысы қамтамасыз етілді. 2021 жылы ЖЭО-2-де бес қазандықты, ЖЭО-1-де төрт қазандықты газға ауыстыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталуда.

Бүгінгі күні қала бойынша 4400-ден астам техникалық шарт беріліп, 20 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Табиғи газға 1138 абонент қосылды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz