Иесіз жануарларды бақылау

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Астана қаласы маслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №448/62-V «Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы» шешімімен бекітілген қағида негізінде жүргізіледі. Қаңғыбас ит пен мысықтарды ұстау, уақытша ұстау және жою жұмыстарын ШЖҚ «Астана ветсервис» КМК арнайы мекемесі іске асырады.

Қала бойынша арнайы автокөлікпен 3 бригада жұмыс істейді. Күнделікті Астана қаласының тұрғындарынан және қалалық іКомек мониторинг және жедел әрекет ету орталығынан келіп түсетін өтініштермен жұмыстар жүргізіледі. 1. Whatsapp iKOMEK109: +7-747-109-0-109, 2. www.astana.gov.kz  әкімдіктің ресми сайты, 3. Telegram-дағы чат-бот: https://t.me/astanaikomek109_bot , 4. Smart Astana (AppStore/PlayMarket) мобильді қосымшасы, 5. iKOMEK109 (AppStore/PlayMarket) мобильді қосымшасы, 6. 109@ikomekastana.kz  электронды мекенжайы. ШЖҚ «Астана ветсервис» КМК тікелей телефоны 8(7172)-28-59-70,  сонымен қатар әлеуметтік желілер   Facebook@astanavetservice. Instagram @astana_vetservice.

Рұқсат етілген аулау құралдарына мыналар жатады: ілмектер; қозғалпайтын тиісті сертификаты бар  дәрілер дозасы, пневматикалық қару; желілер; торлар; сондай-ақ аулау кезінде жануардың өліміне әкелмейтін басқа құралдар мен құрылғылар.

Талап етілмеген үйсіз және қаңғыбас жануарлар екі айдан кейін үшінші тарапқа немесе кейінгі күтіп-ұстау үшін жануарлар панасына беріледі.

Табиғи өлімнен, сондай-ақ жазылмайтын аурулардан қайтыс болған және көлік құралдарының дөңгелектері астында өлген жануарлардың денелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылады.

 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz