3181

Рамазан айында елорда мешіттерінде кешкі намаз жамағатсыз оқылады

Сондай-ақ имамдар тұрғындарды ауызашарға қонақ шақырудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Төтенше жағдай және карантин режиміне байланысты Рамазан айы мерекесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мешіттерде дәстүрлі кешкі тарауық намаздары, ауызашарлар уақытша тоқтатылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми парақшаларында мешіт имамдарының қатысуымен Құран оқу бойынша және Рамазан айының басқа да шараларының онлайн-трансляциялары өтеді.

Пітір садақаны Kaspi.kz қосымшасы арқылы жолдауға болады. 2020 жылы пітір садақаның жан басына шаққандағы мөлшері – 370 теңге.

Пітір садақаны дұрыс жолдау нұсқаулығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми парақшасында (muftiyatkz), Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының парақшасында (elorda_cipr) немесе 33-30-30 сенім телефоны арқылы танысуға болады.

2020 жылы Рамазан айы мерекесі 24 сәуір мен 23 мамыр аралығында өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109